Австралияның ең ірі қаласы Сиднейді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті метеорология қызметінің мәліметіне қарағанда, бір тәулікте шаһарда 171 миллиметр жауын-шашын түскен. Бұл бір айлық нормаға тең. Соның салдарынан үйлерге су кіріп, көшелер көлге айналды.
Қазір қалада көлік қозғалысы қиын. Мамандардың айтуынша, ауа райы қолайсыздығы Сиднейде апта соңына дейін сақталады. Жылдамдығы сағатына 125 шақырымға дейін жететін жел соғады. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап, сапарға шығудан бас тартуға шақырып жатыр.