Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қостанай облысы Приречное ауылындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір аталған ауылда карантин енгізілді. Сонымен қоса Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында.
Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдың өлімі фактісі бойынша жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен құлаған жануарларды кәдеге жарату бойынша шаралар жедел қабылданғанын хабарлаймыз. Оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин орнатылды. Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады. Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.