Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Си Цзиньпин: Тайваньның Қытайға оралуы – соғыстан кейінгі әлемдік тәртіптің маңызды бөлігі

25 Қараша 2025, 01:29
580
Бөлісу:
 Ken Ishii / Getty Images
Фото: Ken Ishii / Getty Images

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Тайвань мәселесі мен соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық тәртіпті сақтау туралы пікір білдірді. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай мен АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыста фашизм мен милитаризмге қарсы бір майданда тұрған мемлекеттер ретінде сол жеңістің нәтижелерін бірге қорғауы тиіс.

Тайваньның Қытайға оралуы – соғыстан кейінгі халықаралық тәртіптің маңызды бөлігі. Қытай мен АҚШ фашизм мен милитаризмге қарсы бірге соғысты, енді сол Жеңістің нәтижелерін бірлесіп қорғауы қажет, - деді ҚХР басшысы.

Телефон арқылы өткен әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық тұрақтылықты сақтау және өзара қарым-қатынасты дамыту мәселелерін де талқылағаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы