Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Си Цзиньпин Еуроодаққа АҚШ-қа қарсы шығу туралы үндеу жасады

12 Сәуір 2025, 14:34
1548
Бөлісу:

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Еуропалық одақты АҚШ-тың біржақты қысымына қарсы бірігуге шақырды. Бұл туралы ол Испания премьер-министрі Педро Санчеспен Бейжіңдегі кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай мен ЕО халықаралық міндеттемелерін орындап, экономикалық жаһандану үрдісін бірге қорғауы тиіс. Біз халықаралық сауда тәртібін сақтауымыз керек, – деді ҚХР төрағасы 11 сәуір күні.

Си Цзиньпин халықаралық тәртіпті сақтау мен әділ сауданы қорғау маңызды екенін атап өтті.

Тарифтік соғыста жеңімпаз болмайды. Барша әлемге қарсы шығу — өзіңді оқшаулау деген сөз, - деді ол.

Си Цзиньпин Қытай ешқашан біреудің көмегіне мұқтаж болмағанын, ал сыртқы қысымнан қорықпайтынын айтты. Қандай жағдай болса да, Қытай сенімділігін, табандылығын сақтап, өз ішкі дамуына назар аударады деді.

Си Цзиньпин АҚШ президенті Дональд Трампты немесе 145 пайыздық импорттық тарифтерді тікелей атамады. Дегенмен, ол әлемнің көптеген қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отырғанын және оларды тек ынтымақ пен бірлік арқылы жеңуге болатынын меңзеді

12 сәуірден бастап Қытай барлық америкалық тауарларға баж салығын 125 пайызға дейін көтерді. Бұл АҚШ-тың Қытайға енгізген жаңа алымдарына жауап ретінде қабылданған шешім.

Өзгелердің жаңалығы