Қазіргі жағдайда мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру және жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп әрекет ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен ықпалын қалпына келтіру маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуде мәлімдеді.
Қытай көшбасшысы Бейжіңнің БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуға, халықаралық істердегі ұйымның негізгі рөлін қолдауға және жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін жауапкершілікті бөлісуге дайын екенін атап өтті.
Соңғы жүз жылда болмаған ауқымды өзгерістер жағдайында Қытай әлем үшін тұрақтылық пен сенімділіктің қайнар көзі болып қала береді, — деді Си Цзиньпин.