Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу үшін Корея Республикасына барды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу және ресми сапармен бару мақсатында Бейжіңнен Корея Республикасына аттанды. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Xinhua 30 Қазан 2025 2025, 06:27
30 Қазан 2025 2025, 06:27
443
Фото: Xinhua

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин АТЭС саммитіне қатысу және ресми сапармен бару мақсатында Бейжіңнен Корея Республикасына аттанды. Бұл туралы Xinhua агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламада атап өтілгендей, Си Цзиньпин Кенджу қаласында өтетін АТЭС елдері басшыларының 32-ші бейресми кездесуіне қатысады. Сонымен қатар, ҚХР басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Меннің шақыруымен ресми сапар жасайды.

Қытай делегациясының құрамында Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Хатшылығының басшысы Цай Ци, ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Xэ Лифэн бар.

Сапар барысында Қытай мен Корея арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ аймақтық тұрақтылық пен дамуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Наверх