ШЫҰ сайлауға ашық, демократиялы, шынайы деген баға берді

20 Наурыз 2023, 12:06
1245
Бөлісу:
ШЫҰ сайлауға ашық, демократиялы, шынайы деген баға берді
Фото: Арман Мухатов

Шанхай ынтымақтастық ұйымы сайлауға қатысты мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында миссияның сайлауға қатысты мәлімдемесін жариялады.

Осымен Шанхай ынтымақтастық ұйымынан халықаралық байқаушылар тобы өз жұмысын аяқтады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық байқаушылар миссиясы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау ҚР заңнамасына және міндеттемелерге сәйкес өткізілді. ҚР заңнамасы нормаларын бұзу анықталған жоқ. Миссия осы өткен сайлауды ашық, демократиялы, шынайы деп бағалайды, - деді Григорий Логвинов брифингте.

ШЫҰ халықаралық байқаушылар миссиясы Сыртқы істер министрлігіне және Орталық сайлау комиссиясына алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы