ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады

3 Шілде 2024, 23:50
280
Бөлісу:
ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады
Фото: akorda.kz

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады
ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады
ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады

Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.

ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшылары концерттік бағдарламаны тамашалады

Бұдан бөлек, саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы