Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-інші отырысы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жөнінде жан-жақты пікір алмастық. Ұсынылған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және одан тыс жерлерде тұрақты бейбітшілікті, көпжақты ынтымақтастықты және тұрақты ілгерілеуді қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдімін. Сындарлы диалог үшін Сізге шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді Тоқаев.
Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге ШЫҰ-ға төрағалық ететін жылына сәттілік тіледі.
Осымен Астанадағы ШЫҰ-ның саммитін жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Рақмет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің жабылуында.