ШЫҰ Миссиясының байқаушысы «ерекше» адамдардың дауыс беруіне жасалған жағдайды атады

19 Наурыз 2023, 15:27
1118
Бөлісу:
ШЫҰ Миссиясының байқаушысы «ерекше» адамдардың дауыс беруіне жасалған жағдайды атады
Фото: m.dzen.ru

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Григорий Логвинов сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін жасалған жағдайды атап өтті. Ол сайлауға дайындықтың тыңғылықты жүргізілген деп санайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша қандай да бір қорытынды тұжырым жасау өте қиын. Байқаушылар миссиясы өз жұмысын атқарып жатыр. Астанаға келгенімізге бес күн болды. Осы уақыт ішінде Орталық сайлау комиссиясында бірқатар кездесу өткіздік. Бірнеше сайлау учаскелерін аралап шықтық. Сайлауға тыңғылықты дайындық жүргізілген, әсіресе, кәсібилікті ерекше атап өткім келеді. Ұсақ-түйек болып көрінетін, бірақ шын мәнінде шешуші әсер етуі мүмкін техникалық мәселелерге көп көңіл бөлінген, - деді Григорий Логвинов.

ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары та депутаттар корпусына үміткерлер қатары жас екенін атап өтті.

Сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауға үлкен көңіл бөлінген. Соның ішінде зағип жандарға арналған Брайль қарпімен жазылған бюллетеньдердің үлгілері біздің қолымызда. Саясаттандыруды, ажиотажды байқамадық. Келіспеушіліктер бар, бірақ бәрі заң аясында шешіліп жатыр. Қазақстан – ШЫҰ-ның ең жауапты мүшелерінің бірі. Сондықтан біз бейтарап позитивті көзқарасты басшылыққа аламыз. Оның үстіне біз ішкі істерге араласпаймыз, сайлау заңнамасын осылай болуы керек деп бағаламаймыз. Бұл ШЫҰ-ның негізгі қағидаттарына түбегейлі қайшы келеді, - деп түсіндірді шетелдік байқаушы.

ШЫҰ Миссиясынан 18 бақылаушы келді. Оның 11-і мүше мемлекеттер, сайлау комиссияларының, үкіметтік мекемелердің өкілдері. 7 адам – ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарының өкілдері. Байқаушылар Астана мен Ақмола облысында жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы