Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықтық дипломатия форумы өтті. Аталған шара онлайн форматта ұйымдастырылды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықтық дипломатия форумының қорытындысы бойынша Ухань бастамасымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Қытайдың тату көршілік, достық және ынтымақтастық комитеті, Қытай Халықтар достығы қоғамы және Хубэй провинциясының Халық үкіметі бірлесіп Шанхай ынтымақтастық ұйымының Халықтық дипломатия форумын ұйымдастырды.
Мемлекет қайраткерлері мен мүше мемлекеттердің халық достығы бірлестіктерінің, бақылаушы мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша әріптес елдердің өкілдері талдау орталықтарының, бауырлас қалалардың өзара іс-қимылы, Денсаулық сақтау, ауылды дамыту және кедейлікті жою, өзара байланысты нығайту және жаңа БАҚ мамандарын даярлау мәселелерін талқылай отырып, «Халықтар достығы үшін Шанхай рухын дамыту» тақырыбында терең пікірталастар өткізді.
Шанхай рухын нығайту, аймақ елдерінің бейбітшілік, тұрақтылық және бірлескен дамуы жолындағы өзара ықпалдастықты нығайту, адамзаттың ортақ тағдыры қоғамдастығының қалыптасуын ынталандыру туралы ортақ келісімге қол жеткізілді.
Форумға қатысушылар саны 3 миллиард адамнан асатын 18 елді қамтитын кешенді өңірлік ынтымақтастық ұйымы бола отырып, ШЫҰ тең құқықты әріптестік құруда, өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде, өркениеттердің алуан түрлілігі мен барлық халықтардың өзіндік даму жолдарын құрметтеу негізінде жалпыға ортақ дамуға жәрдемдесуде маңызды сындарлы және тірек рөл атқаратынын атап өтті.
Форумға қатысушылар ШЫҰ елдерінің халықтық бірлестіктерінің COVID-19-пен күресінде көрсетілген өзара үйлесімділік пен рухты жоғары бағалап, бүкіл әлемдік қауымдастықтың әрекеттері мен күш-жігерін осы жаһандық қатерді жеңу үшін біріктіру қажеттігін атап өтті.