Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының XVII кеңесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми өкілі Айдос Садуақасов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Форум қарсаңында Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов Тәжікстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Шермухаммад Шохиенмен және Иранның Сот билігі басшысының бірінші орынбасары Мұхаммед Мұсаддекпен жұмыс кездесулерін өткізді.
Тараптар әңгімелесу барысында достық, тату көршілік және өзара түсіністік рухындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Қызу пікір алмасылды. Оның барысында осы елдердің сот органдарының өзара іс-қимылды кеңейтуге өзара дайындығы аталып өтілді.
Ж.Асанов ШЫҰ мемлекеттері сот органдарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, осы тұрақты кездесулердің ахуалы тәжірибе мен сот практикасын алмасуға, сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылауға ықпал етеді.
XVII кеңеске қатысушылар жазаның балама түрлерін тағайындау, банкроттық, киберқылмыстар, бала асырап алу, сот ісін жүргізуде цифрландыруды дамыту және әкімшілік әділет туралы істерді қарау туралы пікір алмасты.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының келесі кеңесі Үндістанда өтетін болды.