ШЫҰ-ға мүше елдердің президенттері қалдықтарды тиімді басқару туралы кеңеседі

22 Мамыр 2024, 13:54
402
Бөлісу:
ШЫҰ-ға мүше елдердің президенттері қалдықтарды тиімді басқару туралы кеңеседі

Астанада қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің министрлері мен ведомство басшыларының 5-кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тішісі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев кеңесте 2024 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Экология жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын одан әрі ілгерілетудің маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ 3-4 шілдеде Астанада қалдықтарды тиімді басқаруға қатысты кеңес өтетінін айтты.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және 3-4 шілдеде Астана қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары кеңесі барысында қалдықтарды тиімді басқару туралы Мемлекет басшылары кеңесінің өтініші мақұлданды және оған қол қою ұсынылды, - деді министр.

Сонымен қатар кеңесте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі бірлескен тәсілдері, ШЫҰ-ның 2024-2026 жылдарға арналған "Жасыл белдеу" бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жоспар, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобы туралы ереже бекітілді.

Өзгелердің жаңалығы