«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы ШЫҰ саммитіне қатысқан шетелдік қонақтарды Көшпенділер ойындарымен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шараға шараға шетелдік дипломаттар Германия, Үндістан, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Ливан, Малайзия, Норвегия, Сербия және Чехиядан бірнеше халықаралық журналистер қатысты.
Елімізде үлкен дода өткелі жатыр. Баршамызға, елімізге жауапты сәт, сын. Осыдан 2 жыл бұрын Түркияның Бурса қаласында көшпенділер ойындары Астана қаласында өткізілуі туралы шешім қабылданған еді. Қарқынды дайындалып жатырмыз. 21 спорт ойындарынан өтеді. Арнайы 7 спорттық нысандар дайындалып жатыр. «Бір сызықша» логистикасы бойынша өтеді. Қазақ ауылы жасалады. Ал, ашылу салтанаты «Астана-аренада» стадионында болады. Көшпенділер ойындарының бьарысында ғылыми-практикалық конференция өткізіледі, - деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Қазіргі уақытта 89 елден делегациялар қатысуын растаған. Бұл көрсеткіш 100-ге дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін әлемнің 100-ден астам елінен 4000 қатысушы қатысады делінген болса, енді қатысушылардың саны 2000-нан асады деген жоспар бар. Солардың барлығын орналастыру үшін қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірге 32 қонақ үй дайындалып жатыр. 320 ат жалға алынды. Делегацияларды жеткізу үшін 130 көлік жалға алынып жатыр, - деді Серік Жарасбаев.
Бүгінгі жиынға келген қонақтарға дирекция Көшпенділер ойындары туралы арнайы бағдарлама дайындады. Көшпенділер ойындарының атмосферасын жеткізу мақсатында «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені қазақы стилде безендендіріліп, ұлттық спорт түрлерінен қойылымдар қойылды.
Қазіргі уақытта 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билеттер онлайн сатылымға шыққан. Билеттің құны 500 теңгеден 20 мың деңгеге дейін.
Айта кетейік, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.