ШЫҰ елдерінің конференциясы мен көрмесі кейінге қалдырылды

13 Қазан 2020, 04:40
1462
Бөлісу:
ШЫҰ елдерінің конференциясы мен көрмесі кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Циндао қаласында (Қытайдың Шығыс Шаньдун провинциясы) коронавирус эпидемиологиясының өршуіне байланысты 16-18 қазан аралығында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдерінің аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференциясы мен халықаралық инвестициялық және сауда көрмесі кейінге қалдырылды. Бұл туралы кеше, 12 қазанда шараны ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Алдын алу және бақылау бойынша эпидемиялық шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты ШЫҰ елдерінің халықаралық инвестициялық және сауда көрмесі, сондай-ақ Циндаодағы ШЫҰ ынтымақтастық хабын іске қосу рәсімі кейінге қалдырылды, – делінеді хабарламада.

Сондай-ақ, іс-шаралардың да кейінге қалдырылғаны нақтыланды.

REGNUM АА хабарлағандай, Циндаода коронавирустың симптомсыз инфекциясының алты жағдайы анықталып, олардың бесеуі жергілікті болып шыққан. Осыдан кейін жергілікті билік шамамен 9,4 миллион адам тұратын қала тұрғындарын SARS-CoV-2-ге жаппай тестілеу туралы шешім қабылдаған.



Өзгелердің жаңалығы