Төтенше жағдайлар министрі сала қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, әскери қызметшілері, құтқарушылары, курсанттары және қызметшілері, баршаңызды кәсіби мереке – Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын, - деді минстр.
Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін. Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын, деді ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов.