Бүгінде шағын ауданның 29-орамында мемлекеттік бюджет есебінен 1080 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз желілері мен электр жүйесі тартылған.
Биыл мұнда ішкі орамның жерін тегістеу, абаттандыру жұмыстары, аяқжол және асфальт жол құрылысы жүргізіледі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нысандарды қолданысқа беру екінші жартыжылдыққа жоспарланған.