Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкенттің бұрынғы мәслихат депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек 2025, 16:11
1025
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Шымкент қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қуаныш Дәулетәлиевке іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іздеу жарияланған ақпарат ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында шықты. 

Шымкенттің бұрынғы мәслихат депутатына іздеу жарияланды

Іздеу ісі 2025 жылдың 2 қыркүйегінде Шымкентте тіркелген.

Іздеу бастамашысы – сот, ал оны Түркістан аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Қуаныш Дәулетәлиев 1976 жылдың 2 желтоқсанында Шымкент қаласында туған. 1993 жылы №66 "Қазығұрт" орта мектебін тәмамдаған. 

2010–2014 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

2000–2009 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2009–2015 жылдары "Сенім-Құрылыс" ЖШС-нің коммерциялық істер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған, ал 2015 жылдан бастап «БОИНИС КС» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы