Шымкенттіктердің үйлерін шаян баса бастады

21 Тамыз 2021, 18:35
4061
Бөлісу:
Шымкенттіктердің үйлерін шаян баса бастады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент тұрғындары үйлеріне және аулаларына сарышаяндардың қаптап кеткеніне шағымданды.

Бұл туралы otyrar.kz жазды.


Тек қана осы айда сарышаян шағып алған 39 адам дәрігерге жүгінген. Оның 13-і бала. Зардап шеккен 4 адамның жағдайы орташа ауыр деңгейде. Сарышаяндарды тек аулада емес, үйдің ішінен де кездестіруге болады. Дәрігерлер сарышаян шаққан кезде көп ұзатпай медициналық көмек көрсетілуі керек дейді. Бұл, әсіресе, балалар мен қарт адамдарға қатысты, - делінген хабарламада.

Сарышаянның шағуы ара шаққанға ұқсас болады. Сол себепті сарышаянның шағып алуын байқамай қалу мүмкін емес.

Оның белгілері келесідей болады:

- Шағып алған жердегі ауырсыну уақыт өткен сайын үдей түседі. Орны қатты ашиды.

- Шағып алған орны қызарып, ісінеді. Кей кезде күйіктен кейінгі тәрізді түссіз күлбіреген жерлер пайда болады.

- Сарышаян шағып алған жер жансыздана бастайды.

- Сондай-ақ шағып алған дене бөлігі құрысып қалуы мүмкін.

- Іш тұсында қатты ауырсыну болады, сондай-ақ адамның жүрегі айнып, құсуы мүмкін.

- Бас айналуы ықтимал.

- Сілекей көп бөлінеді.

- Жүрек әдеттегіден жиі соғады.

- Бас ауырады.

- Адам талып қалатындай сезімде болады.

Өзгелердің жаңалығы