Шымкенттік дәрігерлер 14 жасар қызға күрделі ота жасады

23 Ақпан 2023, 21:30
1531
Бөлісу:
Шымкенттік дәрігерлер 14 жасар қызға күрделі ота жасады
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Ультрадыбыстық зерттеуден кейін онкологпен кеңескен жасөспірім қызда сол жақ сүт безінің ортаңғы бөлімінде ісік тәрізді масса табылды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Сүт безінің компьютерлік томографиясы жүргізілген кезде ісік мөлшері 9 см-ге жеткені айқындалды. Үлкен ісікті алып тастау үшін аурухана мамандары хирургиялық араласу туралы жедел шешім қабылдады.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары Ержан Байдуллаевтың, окногематология бөлімшесінің меңгерушісі Жеңіс Жарқынбекұлының, анестезиолог-реаниматолог Бауыржан Әлменовтың қатысуымен пациентке ісікті алып тастау бойынша операция жасалды. 

Шымкенттік дәрігерлер 14 жасар қызға күрделі ота жасады

Дәрігерлердің айтуынша, операцияның күрделілігіне қарамастан, ол сәтті өтті.

 Операцияға алынған тіндердің гистологиясының нәтижелері бойынша жапырақ тәрізді фиброаденома, атипті жасушалар анықталған жоқ. Фиброаденома 10-18 жас аралығындағы 1000 қызға шаққанда 4-5 қызда анықталады. 2 см-ге дейінгі түзілімдер операциясыз емделеді. Бұл науқаста ісік мөлшері 9 см болғандықтан, біз ота жасап, ісікті алып тастадық, - дейді окногематология бөлімінің меңгерушісі Жеңіс Жарқынбекұлы. 

Бүгінгі күні операциядан кейінгі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Жағдайының жақсаруына байланысты қыз үйге шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы