Шымкенттік әйелден сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйелді полицейлер Сарыағаш қаласынан ұстады.
Тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылды. Тұрғынның үйін тінту кезінде синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 2 дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған зат салмағы 20 грамнан асатын мефедрон болып шықты.
ҚР ҚК 297-бабы бойынша іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.