Шымкенттен Түркістанға есірткі тасымалдаған әйел 10 жылға сотталды

8 Маусым 2023, 03:46
746
Бөлісу:
Шымкенттен Түркістанға есірткі тасымалдаған әйел 10 жылға сотталды
Фото: архив

Шымкент полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Кейін сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды.

Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram-каналы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған бейтаныс біреумен танысады. Төрт ай бойы ауыл тұрғыны Түркістан қаласына есірткі тасымалдаумен және қойып кетумен айналысқан. Ол Telegram арқылы берілген нұсқауды орындап, жұмыс ақысын электронды түрде алып отырған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша жүргізілді.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот 54 жастағы әйелді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы