Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды

Жансая ҚАМБАР
26 Мамыр 2025, 17:47
707
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Рейстер 27 мамырдан бастап Шымкент халықаралық әуежайының жаңа "А" терминалынан орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әуежайларының жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту және аэрохабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады.

Бұл рейстердің ашылуы Шымкент әуежайының жаңа терминалы базасында халықаралық әуехабты дамытуға мүмкіндік беретін бастама, - деді ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева.

27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын орындалады.

24 маусымнан бастап Шымкент-Каир рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындала бастайды.

2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань әуе рейсі іске қосылып, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет орындала бастайды.

4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

Еске салсақ, Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың 25 желтоқсанында ашылды. Терминал құрылысынан басқа перрон мен әуе кемелеріне арналған тұрақ орындарының реконструкциясы жүргізілді. Вокзал маңы алаңы салынды.

Өзгелердің жаңалығы