Шымкенттегі жол апаты. Дәрігерлер зардап шеккен қыздың жағдайын айтты

9 Сәуір 2023, 09:32
1069
Бөлісу:
Шымкенттегі жол апаты. Дәрігерлер зардап шеккен қыздың жағдайын айтты
Фото: Polisia.kz

Дәрігерлердің айтуынша, 2005 жылы туған қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды, ол нейрохирургия бөлімінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖКО туралы жедел жәрдем қызметіне қоңырау 8 сәуірде сағат 18.43-те түскен.

Оқиға орнына 4 жедел жәрдем бригадасы шыққан. Фельдшерлер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.

Басқа зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасында, перинаталдық орталықта және Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ем алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде Шымкентте апат болған. Жүргізушісі жоқ автобус алты адамды қағып кетіп, олардың төртеуі қаза болды. Тағы екеуі ауруханада.

Өзгелердің жаңалығы