Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкенттегі түрмеде сотталған адам қайтыс болды

12 Қыркүйек 2024, 10:24
1174
Бөлісу:
 pixabay.com/ru
Фото: pixabay.com/ru

Шымкентте жалпы режимдегі түрмеде сотталған азамат көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Almaty.tv мәліметінше, №54 түзету мекемесінің әкімшілігі сотталған азамат ауруы салдарынан қайтыс болған.

Бұдан бөлек әкімшілік ұсынған деректерге сәйкес ер адам асқазаны ауыратынына шағымданып, лазаретке бес рет барған. Өкінішке қарай, 3 қыркүйекте ауруханаға жатқызылғаннан кейін қайтыс болған. Қазір тексеріс жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

Марқұмның туыстары бізге сенбей отыр. Бәлкім, олар оны соққыға жықты деп ойлаған шығар. Дегенмен тексеріс нәтижелерін туыстарына хабарлаймыз, - деді түзету мекемесінің бастығы Серікбай Дүйсенов.

Марқұмның артында жұбайы мен үш баласы қалды. Ол адамдарды бопсалағаны үшін 3,5 жылға сотталған көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы