Шымкенттегі науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған&nbsp; 7 жағдай туралы хабарлады,&nbsp;Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы.</h4>

 20 Сәуір 2020 2020, 23:25
20 Сәуір 2020 2020, 23:25
1658

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы өңірдегі "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  7 науқас туралы хабарлады.

Ауру жұқтырғандар  1996ж, 1972ж, 1983ж, 1973ж, 1994ж, 1986ж, 1990 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.
 
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.     

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

 20.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 90 адам анықталды.
Наверх