Биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ, Бозарық, Нұршуақ елді мекендері табиғи газға қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазір халық саны 11 мыңнан астам Асар-2 шағын ауданын газдандыру жұмыстары 70% аяқталды. Ұзындығы 24,1 шақырым газ құбырының құрылысы толық аяқталғанда мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылады, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағына уданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекеме анықталды. Жоспарға сәйкес 2024 жылы қамту көрсеткіші ауданда 100 пайызға жетеді.