Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: Қашып кеткен күдікті ұсталды

Бөлісу:
 Шымкент қалалық Полиция департаменті
VIDEO
Фото: Шымкент қалалық Полиция департаменті

Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті қолға түсті. Ол 10 шақырым жерде ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері ауқымды арнайы операция жүргізді. Оған жеке құрам толық жұмылдырылып, қала кіреберістерінде бақылау күшейтіліп, аумақтар жаппай тексерілді. Нәтижесінде қала сыртында, Шымкенттен 10 шақырым жерде қаза тапқан адамның танысы болып табылатын 28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Күдікті бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарланғандай, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеп, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын хабарлаған еді.

Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында күдіктіге іздеу жарияланды. Оның жеке басы мен қашқан көлігі белгілі болғанын да жаздық.

Өзгелердің жаңалығы