Шымкентте жыл басынан бері 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді

14 Шілде 2022, 04:41
1212
Бөлісу:
Шымкентте жыл басынан бері 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жыл басынан бері 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу, шетелдіктер арасында құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ Республиканың көші-қон заңнамасынан туындайтын міндеттерді қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Атап айтқанда, Шымкенттік полицейлер ондағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын сақтауын қатаң бақылауға алған. Нәтижесінде, жыл басынан бері мегаполисте 4000-ға жуық заңсыз көші-қон жайты тіркелді. Оның ішінде 714-і өзге елдің, қалғаны ҚР-ның азаматы екені анықталды.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 253 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 715 азаматқа айыппұл салынды. Тағы 90 шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан шеттетілді. Мұндағы басты мақсат – Шымкентке қоныс аударушы және уақытша тұрақтаушы тұлғалардың заң бұзуына жол бермеу.

Өзгелердің жаңалығы