Шымкентте жыл басынан бері 29 өрт жағдайы тіркелген

4 Наурыз 2021, 00:51
1343
Бөлісу:
Шымкентте жыл басынан бері 29 өрт жағдайы тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт жағдайының басым бөлігі жеке тұрғын үйлер мен автокөліктерде орын алған. Атап айтқанда, тіркелген өрттердің 13-і тұрғын үйде, 13-і автокөліктерде, 3 жағдай газ балондарды пайдалану кезінде орын алған.

Бұл жөнінде қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының м.у.а Аманбек Бейсембаев баспасөз брифингте баяндады. 

Жеке тұрғын үйдегі өрттің негізгі себебі жылыту құралдары болса, көліктерде қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқаша тұйықталуы мен газ құрылғыларының ақаулығынан туындаған.

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қала әкімінің бастамасымен Шымкент қаласын цифрландыру бағдарламасына сәйкес, Әл Фараби ауданында әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға қазіргі заманға сәйкес газ иісі мен түтінді анықтайтын «FireProtect Plus» қондырғысы орнатылды, - деді А.Бейсембаев.

Шымкент қаласында су тасқыны жағдайы туралы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ж.Кәрімбаев баяндады. 

Оның сөзінше, қазір қала аумағында су деңгейі тұрақты. Су қоймаларына арнайы құрылғылар арқылы күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр.

Қаланың жерасты суларының қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін (Казбакалайторг, ескі қала, №2 қалалық аурухана, Кең-баба саябағы) автоматтандырылған 33 дана тік дренажды су ұңғымалары жұмыс істеп тұр.

 


Өзгелердің жаңалығы