Бүгінде Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде қаланың әкімшілік іскерлік орталығы аумағынан бой көтерген 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің абаттандыру құрылысы жүруде. Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр, - делінген мәліметте.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіру көзделген.