Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өмірге оралтты

26 Қазан 2024, 09:47
807
Бөлісу:
Шымкентте жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өмірге оралтты
Фото: gov.kz

Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті. Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. 

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда.

Өзгелердің жаңалығы