Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» 392 жұмыс орны ашылады

29 Сәуір 2021, 23:38
1431
Бөлісу:
Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» 392 жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың айтуынша, қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда.

Жоспарға сәйкес жұмыстар негізгі 2 бағытта (Реконструкциялау бойынша 1 жоба, құрылыс бойынша 12 жоба) барлығы 13 жобаны іске асыруға 15 251,9 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 392 жұмыс орыны құрылады. 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі кезде 11 инфрақұрылымдық жобаға мемлекеттік сатып алу рәсімделуде, – делінген басқарма хабарламасында.

Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау, қызмет алушы азаматтарды бір жерде шоғырландырмау мақсатында «Жұмыспен қамту орталығы» 4 ауданға бөлініп, қызмет көрсетуде. 


Өзгелердің жаңалығы