Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға беріп байымақ болғандар ұсталды

Бүгiн, 16:01
262
Бөлісу:
Шымкентте жоқ пәтерлерді жалға беріп байымақ болғандар ұсталды
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстандықтар жоқ пәтерлерді жалға алу үшін 1 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар жалған жалға берушілердің арбауына түсіп, 1 миллион теңгеден астам қаржысын жоғалтты. Полиция алаяқтық әрекеттерге барған үш күдіктіні Шымкент қаласында ұстады. 

Қаскөйлер тұрғын үйлерді жалға беру бойынша қызмет көрсететін арнайы қосымша арқылы өз қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырған. Олар жоқ пәтерлер туралы тартымды хабарландырулар жариялап, клиенттерді сендіру үшін барынша сенімді ақпарат ұсынған. 

Тұрғындар бұл ұсыныстарға қызығып, хабарласқан кезде, алаяқтар алдын ала төлем жасауды талап еткен. Нәтижесінде азаматтар пәтерді брондамақ ниетпен ақша аударып, алдаудың құрбаны болған. 

Тергеу барысында күдіктілердің өткен жылдың тамыз айынан бері интернет-алаяқтықтың кемінде 20 дерегіне қатысы бар екені анықталды. Осы уақыт ішінде олардың заңсыз әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге жалпы 1 миллион теңгеден астам шығын келген. 

Күдіктілерден 11 ұялы телефон, 15 SIM-карта, ноутбук тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Құқық қорғау органдары азаматтарға онлайн-платформаларда мәміле жасау кезінде барынша сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және алдын ала төлем жасамас бұрын ақпараттың шынайылығына көз жеткізуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы