Шымкентте ЖОО ректоры қамауға алынды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі 29 Қыркүйек 2024 2024, 11:16
29 Қыркүйек 2024 2024, 11:16
8069
Фото: Әуезов атындағы ОҚМУ баспасөз қызметі

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ, деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.

Наверх