Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаланды

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 видеодан кадр 12 Наурыз 2025 2025, 21:45
12 Наурыз 2025 2025, 21:45
1067
Фото: видеодан кадр

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті ЖБО камераларына түсіп қалған.

Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді. Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Ішкі істер министрлігінен.

Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.

Наверх