Шымкентте жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық жүргізуші анықталды

28 Мамыр 2021, 06:40
1586
Бөлісу:
Шымкентте жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық жүргізуші анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз жол»  іс-шарасы барысында төрт мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Мақсаты – қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның тоғыз күнінде 3 824 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар: көлікті мас күйде басқарған – 22, техникалық байқаудан өтпеген – 237, заңсыз қайта жабдықтау – 87, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 25 адамға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1267, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 826, маневр ережесін бұзған – 187, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 14, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 175, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 185, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы – 66, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу – 37, авариялық жағдай туындатқан 19 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болған 605 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді. Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны 139-ға жетті.

Өзгелердің жаңалығы