Жібек Жолы ауылының белсенділері Ғалия Мұхамбетова атынан құтқарушыларға алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осындай қиын сәтте Шымкент қаласынан көмекке келгендері үшін үлкен рахмет. Қаншама адамға, балаларға көмек көрсетіп жатсыздар, – деді ауыл тұрғыны.
Белсенділер құтқарушылардың су тасқынын жоюға қосқан зор үлесін атап өтіп, оларға жергілікті тұрғындар атынан алғыс хат табыс етті.
Айта кетейік, 28 наурызда Аршалы ауданына Шымкент қаласынан су тасқынының салдарын жою үшін ТЖД күштері мен құралдары келді.