Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте жеңіл көлік өртеніп, бір адам ауруханаға түсті

14 Қыркүйек 2025, 12:16
394
Бөлісу:
 видеодан кадр
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Шымкент қаласында құтқарушылар жол бойында өртенген автокөлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Оқиға Әл-Фараби ауданындағы Рашидов көшесінде болған. Жеңіл автокөлік отқа оранып, кейін газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелген.

Құтқарушылар дереу көбікті су ағынын қолданып, өртті толық сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан бір адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Министрлік өкілдері көлік иелеріне салонда міндетті түрде өрт сөндіргіш құрал ұстауды ескертті.

Өзгелердің жаңалығы