Шымкентте жекеменшік мектептердің бірінде оқушылар уланып қалды

9 Қазан 2024, 02:33
290
Бөлісу:
Шымкентте жекеменшік мектептердің бірінде оқушылар уланып қалды
Фото: скрин

Шымкентте жекеменшік мектептердің бірінде оқушылар уланып қалды. Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10-сынып оқушысы ойнап бұрыш спрейін терезеге қарата шашқан. Салдарынан 10 оқушы өздерін жайсыз сезінген. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келген кездегі оқушылардың жағдайы белгісіз затпен уланудың жеңіл және орта дәрежесі диагнозымен қабылданды олар. Барлық оқушыларға қазір оның ішінде 7 қыз бала, 3 ұл бала. Барлықтарына алғашқы медициналық көмек қазіргі кезде токсикология бөлімінде көрсетіліп жатыр, - деді гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Балалар тиісті ем көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Оқыс жағдайдан кейін мектептегі өзге оқушылар да сабақтан босатылған. Бұл іске қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Бұрыш спрейін әкелген оқушылар Тұран аудандық полиция бөліміне алдын ала тергеп-тексеру үшін заңды өкілдерімен жеткізілді деді басқармадағылар.

Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі жағдай оқушылардың келеңсіз ойынынан осындай жағдай орын алып тұр. Бұл жағдай қазір өз мамандары негізінде қаралып жатыр. Аса айтарлықтай үлкен проблема шыққан жоқ, – деді мектеп директоры Сәуле Өскенәліқызы.

Өзгелердің жаңалығы