Шымкентте жеке тұрғын үй мен көлік өртенді

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Арман Мухатов  -архив 30 Желтоқсан 2024 2024, 02:14
30 Желтоқсан 2024 2024, 02:14
2264
Фото: -архив

Шымкентте ТЖМ қызметкерлері жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, облыстағы Абай ауданында Қайнарбұлақ саяжай алабының аумағында автокөлік жанып, от жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарына тараған.

ТЖМ күштері жалпы ауданы 226 шаршы метр өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство ақпаратында.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх