Шымкентте жаңа мурал пайда болды

Бүгiн, 13:25
152
Бөлісу:
Шымкентте жаңа мурал пайда болды

Құтқарушы күні қарсаңында Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қазақстандық құтқарушыларға арналған арт-нысан салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мурал Шымкент қаласының орталығында, көпшіліктің назарына түсетін аймақтардың бірінде орналасқан.

Құтқарушылардың жұмысы әрқашан қауіпті жағдайлармен байланысты болғандықтан, муралда өртті сөндіру және төтенше жағдайлардан адамдарды құтқару сәті көрініс тапқан.

Шымкентте жаңа мурал пайда болды
Төтенше жағдайлар министрлігі

Муралды Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті «KORINIS WALL» компаниясының ұжымы жасаған. Суретшілер муралды салу үшін 4 күн жұмыс істеді.

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан бұл бейне қазіргі заман қаһармандарының қызметін насихаттап, оларға деген құрметтің көрінісі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы