Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген 24 шетелдік анықталды

18 Наурыз 2022, 05:48
1183
Бөлісу:
Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген 24 шетелдік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте заңсыз жұмыс істеп жүрген 24 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерімен қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 10 наурыздан бастап «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шара барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан құрылыс нысандарын тексеру кезінде 24 шетел азаматы ешқандай рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын жүргізгені анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған бапқа сәйкес 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

 

Өзгелердің жаңалығы