Соңғы тәулікте Шымкентте вирус жұқтырған науқас тіркелмеген

11 Қыркүйек 2020, 15:49
1977
Бөлісу:
Соңғы тәулікте Шымкентте вирус жұқтырған науқас тіркелмеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында бірде-бір ауру жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Яғни, қалада коронавирус инфекциясының науқастары жоқ деген сөз. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында тек 1 жағдайдан тіркелді. Бұл қуантарлық жағдай. Аталған аймақтардың тұрғындары барлық қауіпсіздік мен санитарлық талаптарын орындап, бір-бірін сақтап жүр дегенді білдіреді. Бұл қала, облыстардың тұрғындары еліміздің басқа аймақтарына үлгі болады деп сенеміз, - деді Бағдат Қожахметов онлайн брифингте.

Айта кетейік, қыркүйектің 11 күнгі мәліметке сәйкес республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 106 661 адамға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы