Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 маусымда әл-Фараби ауданында "Шымкент Plaza" жанында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде Ұлттық ұланның әскери жасағы өзінің күдікті мінез-құлқымен назар аударған азаматты ұстады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Азаматтан сіріңке қорабына оралған, ерекше иісі бар сұр-жасыл зат қалтасынан шығады.
Біз патрульдеу бағыттарын айналып өтіп жүрген кезде қалтасына бір нәрсе сала бастаған азаматты байқадық. Ол өзін күдікті ұстай бастады. Сыртқы тінту жүргіздік. Нәтижесінде сұр-жасыл зат қалтасынан шықты, – дейді патрульдік топтың бастығы кіші сержант Абылай Тілеубергенов.
Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы Әл-Фараби АІІБ-не жеткізіп, СДТБТ тіркелді. 296-бабы 2-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу " бойынша қызметтік тергеу басталды.