Шымкентте «Уақыт керуені» шарасы басталды

14 Қараша 2020, 15:27
3406
Бөлісу:
Шымкентте «Уақыт керуені» шарасы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы басталды.

Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды.

тал2.jpg
Сонымен қатар, керуен қоржыны қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап, Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы және халықтың тілегіне толтырылып Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады. Бүгінгі іс-шара соңы Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасы аясындағы EcoSana сенбілік акциясына жалғасты. Қатысушылар дендрологиялық саябақ ішіне тал егіп, акцияға қолдау көрсетті, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
тал3.jpg

тал1.jpg



Өзгелердің жаңалығы