Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

Кеше, 23:28
136
Бөлісу:
 Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкен қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үйдің кіреберісінде үшінші және төртінші қабаттарда электр қалқаны жанған.

Төтенше жағдайлар министрлігі күштерінің жедел әрекетінің арқасында 10 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы