Тұран ауданында 20,3 шақырымды құрайтын 33 көшенің құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл аталған ауданда жалпы ұзындығы 24 шақырымнан тұратын 41 көшеде ирригациялық арықтар салу жоспарланған.
Атап айтқанда:
– Қазығұрт ш/а – 16 көше (толық бітті);
– Ақжар ш/а – 8 көше (7 құрылыс бітті, 1 құрылысы жүруде);
– 112 орам – 6 көше (4 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Түркістан ш/а – 4 көше (2 құрылысы бітті, 2 құрылысы жүруде);
– Орталық аумақ – 3 көше (2 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– Құрсай ш/а – 2 көше (1 құрылысы бітті, 1 құрылысы жүруде);
– № 4 ш/а – 1 көше (құрылысы бітті);
– Спорт ш/а – 1 көше (құрылысы жүруде).
Қазіргі уақытта қалған 8 көшенің құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін толық аяқталады.