Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жыл басынан бері 21 кәсіпкерлік нысан уақытша жабылды. Оның басым бөлігі тойханалар мен мейрамханалар. СЭС мамандарының сөзінше, карантиндік режим талаптарын сақтамай, қайта-қайта ережені бұзған нысандар сот шешімімен өз жұмысын тоқтатты, деп жазды otyrar.kz.
Сонымен қатар шектеу шараларына жиі мойынсұнбаған 50-ге жуық спорт алаңдары мен сұлулық салоны айыппұл сомасын арқалаған.
Шымкентте эпидахуал жағдайы өршіп тұрса да кейбір мекемелер өз жұмысын тоқтатпай жалғастыруда. Жыл басынан бері басым көпшілігі тойхана мен мейрамхананы құрайтын 21 нысан сот шешімімен уақытша жабылған. СЭС мамандары ауру жұқтырудың негізгі факторы тойда тіркелетінін айтып, тұрғындарды көпшілік орындарға бармауға шақырады.
Шымкентте эпидахуал жағдайы өршіп тұрса да кейбір мекемелер өз жұмысын тоқтатпай жалғастыруда. Жыл басынан бері басым көпшілігі тойхана мен мейрамхананы құрайтын 21 нысан сот шешімімен уақытша жабылған. СЭС мамандары ауру жұқтырудың негізгі факторы тойда тіркелетінін айтып, тұрғындарды көпшілік орындарға бармауға шақырады.
Қайта-қайта той өткізген объектілер бойынша біздің мамандар зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Тексеру кезінде, карантин режим талаптары бұзылуы бойынша материалдар толтырылып, сот арқылы жауып жатырмыз. Бүгінгі күнге 21 нысан сот арқылы жабылды уақытша. Олар негізінен қаламыздағы тойханалар мен мейрамханалар, – деді Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.Мамандар өз бетінше емделіп, дәріханадағы қызметкерлердің тағайындаған қағазына сенбеген дұрыс дейді. Егу бөлмелеріне рейд жасау барысында ем қабылдап жатқан науқастардың көпшілігінде дәрігердің нұсқаулығы жоқ болып шыққан.
Егу кабинеттердегі медициналық жұмыскерлердің ағзаның қандай жағдайда екенін білсе де, білмесе де тағайындап система салдыру үрдісті тоқтату керек. Себебі көп су құйған сайын системамен өкпенің ішіне су толады. Өкпенің ішіне су толғаннан кейін адамның жағдайы нашарлай бастайды. Мынау көбісі айтады менде 1 күн алдын өкпем зақымдануы 20 пайыз еді, 6-күні 90 пайызға жетті деп. Сол әр егу кабинетіне барып жүріп, уақытымды созып алдым деп адамдардың өзі мойындап жатқанын көріп отырмыз, – дейді Шымкент қалалық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін мониторингтік топ жүргізген рейд барысында 2084 нысанға айыппұл салынып, оның сомасы 133 миллионнан асқан. Ал «Ашық» бағдарламасы енгізілгелі «сары» мәртебесі бар 400-ден астам дерек тіркелсе, «қызыл» статус анықталған 61 тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынған.