Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Otyrar.kz-ның хабарлауынша, қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырына ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталған еді, енді оған түзеу мекемесінен қашты деген тағы бір айып қосылды.
12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады, – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.
Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.